Әлеуметтік мәселелерді шешетін қоғамдық кеңестің құрылуы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін айқындайтын жақсы мүмкіндік - Е.Қарин

АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Үкіметтік емес ұйымдар саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың деңгейіндегі шараларды атқаруға қауқарлы. Кей жағдайда олар тіпті қоғамдағы мәселелерді өзгелерге қарағанда  тиімді жүзеге асыра алады.
None
None

  Ал әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысатын қоғамдық кеңестің құрылуы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсететін жақсы мүмкіндік. Бұл туралы бүгін Астанада «Әлеуметтік қайшылықтарды шешу жөніндегі қоғамдық кеңес құрудың рөлі мен тетігі» атты тақырыпта өткен дөгелек үстел отырысында «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының  хатшысы Ерлан Қарин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның пікірінше, әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған кеңесті құруда қоғамдық ұйымдардың күш біріктіргені маңызды. Өйткені қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясының аудандық, қалалық облыстық мәслихаттарында 3 мың депутаты бар. Оның үстіне партияның Парламенттегі мүмкіндіктері де өте зор. «Осы тұрғыдан алғанда үкіметтік емес ұйымдарды «Нұр Отан» партиясының бастамаларына қатысудың қажет бар ма дегеннен гөрі сол партияның мүмкіндіктерін қалай пайдалансақ деген мәселе көбірек ойландыруы тиіс», деді Е.Қарин.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде әлеуметтік мәселелерді шешуде үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың және  саяси партиялардың бірлескен қимылдарының тиімді тетігін қалыптастыратын кез келді. 

Соңғы жаңалықтар