Әлеуметтік роликтердің үздік идеясына миллион теңге берілмек

АСТАНА. Қазақпарат - 2017 жылғы 24 желтоқсанда әлеуметтік роликтерге арналған үздік идеялардың «Ниет» байқауына өтініш қабылдау аяқталды. Бұл туралы ҚР Ақпарт және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
None
None

Бір ай ішінде қазақстандықтардан өзекті тақырыптарды қамтыған 600-ден астам сценарий келіп түсті.

Қазіргі уақытта барлық жұмыс қазылар алқасының қарауына берілді. Байқау қорытындысы 2018 жылдың қаңтар айында жарияланады.

Конкурсты Ақпарт және коммуникациялар министрлігі Astana Bank және Standart Life-пен бірлесе отырып ұйымдастырды. Бас жүлде - 1 миллион теңге және танымал режиссер Ақан Сатаевтың продюсерлігімен ролик түсіру мүмкіндігі.

Байқаудың ресми сайты: https://bestidea.kz/ .

Соңғы жаңалықтар