Әлеуметтік сала мамандарын қолдау туралы ҚР Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілді

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен  2012 жылғы 28 маусымдағы  № 869 қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір  шешімдеріне өзгерістер енгізілді.

Әлеуметтік сала мамандарын қолдау туралы ҚР Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілді

***

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.


Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2012 жылғы 28 маусымдағы  № 869 қаулысымен  бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір  шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 73-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесi бекiтiлсiн.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау - бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит болып белгiленсiн.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мамандар үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит он бес жыл мерзiмге берiледi; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасының жылдық 0,01%-ы мөлшерiнде белгiленедi.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесi»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңына және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзiрлендi, ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына (бұдан әрі - мамандар) республикалық бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi.»;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы Ереженiң мақсаты үшiн мамандар деп қалаларда және өзге де елдi мекендерде тұрып жатқан және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстеуге және тұруға тiлек бiлдiрген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандықтары бойынша жоғары және жоғарыдан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, ортадан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының түлектерi, сондай-ақ көрсетілген білімі бар мамандар түсiндiрiледi.»;
1-2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кейiннен ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына, олардың тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн теңгемен 15 (он бес) жыл мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегi сыйақы ставкасы бойынша бере отырып кредиттiк шарттар жасасу арқылы берiледi;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органы (мәслихат), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi мәлiмдеген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, жыл сайын мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы шешiм қабылдайды.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беру сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) шарт болған жағдайда жүзеге асырылады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) тапсырыс шартын жасасады.
Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша операциялық қызметтеріне арналған шығындарды өтеу үшiн қаражат 095 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мамандарды әлеуметтiк қолдау шараларын iске асыру үшiн берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер» бағдарламасы бойынша тиiстi қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделедi.
6. Әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшiн маман Әкiмшiге мынадай құжаттарды:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесiн;
4) азаматтарды тiркеу кiтабының (үй кiтабының) немесе тиiстi елдi мекенде тұратынын растайтын анықтаманың көшiрмесiн;
5) бiлiмi туралы дипломының көшiрмесiн;
6) салық төлеушiнi тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
7) әлеуметтiк жеке кодты беру туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
8) жылжымайтын мүліктің бағалау актісін (бюджеттік кредит алу үшін);
9) тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына актіні ұсынады.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқасы маманға қайтарылады.
Осы Ережеде көзделмеген басқа да құжаттар берудi талап етуге жол берiлмейдi.»;
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) отыз жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит бередi.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Кредит бойынша маманның мiндеттемелерiнің орындалуы:
1) ол сатып алған тұрғын үй кепілдігімен;
2) кейіннен өзге салынған тұрғын үй кепілдігімен жылжымайтын өтімді мүлігімен қамтамасыз етiледi.»;
көрсетілген Ережеге 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
реттік саны 180-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
180.    Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету    Жеке тұлғалар    АШМ    Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының ауылдық аумақтар-ды дамыту саласындағы уәкiлеттi органдары    Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары-ның ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкiлеттi органдары    Қағаз түрiнде (көтерме жәрдемақы төлеу және (немесе) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк кредит беру)

».
3. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 51 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 16, 187-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк қызметтi тiзбесi мен мекенжайлары осы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрi - стандарт) 1-қосымшада көрсетiлген ауылдық аумақтарды дамыту жөнiндегi аудандық (облыстық маңызды қаланың) уәкiлеттi органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) ұсынады.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
2) «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысы негiзiнде көрсетiледi.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттiк қызмет ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына: қалаларда және өзге де елдi мекендерде тұрып жатқан және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстеуге және тұруға тiлек бiлдiрген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандықтары бойынша жоғары және жоғарыдан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, ортадан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының түлектерiне, сондай-ақ көрсетілген білімі бар мамандарға (бұдан әрi - тұтынушылар) ұсынылады.»;
7-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«күнтiзбелiк отыз екi күн iшiнде осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Келiсiм жасасу рәсiмi жүзеге асырылады және Келiсiм жасалғаннан кейiн отыз жұмыс күнi iшiнде тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк кредит ұсынылады;»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік қызметті алу үшiн тұтынушы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
4) азаматтарды тiркеу кiтабының (үй кiтабының) немесе тиiстi елдi мекенде тұратынын растайтын анықтаманың көшiрмесi;
5) бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
6) салық төлеушiнi тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
7) әлеуметтiк жеке кодты беру туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
8) жылжымайтын мүлікті бағалау актісі (бюджеттік кредит алу үшін);
9) тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акті.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқасы өтініш берген күні тұтынушыға қайтарылады.»;
осы стандартқа 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы қаулыға 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Қазақстан Республикасы  Үкіметіннің
2012 жылғы 28 маусымдағы  № 869 қаулысына 1-қосымша
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс  iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесiне 1-қосымша

_________________________ облысы
____________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi
________________________________
тегi, аты-жөнi
________________________________
мекенжайында тұратын өтiнiш берушiнiң
________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты
________________________________
жұмыс орны, қызметi

Өтiнiш
Сiзден Келiсiмнiң (қоса берiлiп отыр) мөлшерiнде және шарттарында маған көтерме жәрдемақы төлеуiңiздi және/немесе тұрғын үй сатып алуға/салуға бюджеттiк кредит ресiмдеуге құқық беруiңiздi сұраймын.
___________         ____________
күнi         қолы
Құжаттар қабылданды:
20__жылғы «___» _______
_______     ____________________________________________________
қолы         құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.
_________________________________________________________________________________
(кесу сызығы)
Өзгерiстер туындаған жағдайда, олар туралы 15 жұмыс күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн. Дұрыс емес мәлiметтер мен жасанды құжаттар бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм.
Азамат ____________ өтiнiшi қоса берiлген саны ________ дана құжаттармен бiрге 20__жылғы «__»_________________ қабылданды.
________     ________________________________________________________
қолы         құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің
2012 жылғы 28 маусымдағы № 869 қаулысына  2-қосымша
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын беру ережесiне 2-қосымша

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы үлгi келiсiм

Елдi мекен _________ 20 ___ жылғы «__»__________
Бұдан әрі «Әкiмшi» деп аталатын «__________________» мемлекеттiк мекемесi атынан басшы ________________________________ бiр тараптан, бұдан әрi «Алушы» деп аталатын әлеуметтiк көмек алушы _________________________, басқа тараптан және бұдан әрi «Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)» деп аталатын ____________________________________ үшiншi тараптан төмендегiлер туралы осы өзара мiндеттемелер келiсiмiн жасасты:

1. Келiсiмнiң нысанасы
Тараптар өзара жауапкершiлiктi және келiсiмдi ескере отырып, ешқандай тараптан мәжбүр етiлмей тараптар толық көлемде орындауы тиiс мiндеттемелер қабылдайды, атап айтқанда:
1. Әкiмшi, ________________________________ мәслихатының (20 ___ жылғы «__»_______ №_____) шешiмiнiң негiзiнде өзiне мынадай түрдегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мiндеттемелерін қабылдайды:
1) _____________________________________________________ теңге мөлшерiнде көтерме жәрдемақы;
2) ___ жыл мерзiмге __________________________________________ теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит.
2. Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде елдi мекенiнде орналасқан ______________ (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ветеринария) ұйымында кемiнде бес жыл уақыт қызмет iстеуге мiндеттеме қабылдайды.
3. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) өзiне тапсырма шарты негiзiнде әкiмшiнiң атынан және оның есебiнен және оның нұсқауына сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындауға мiндеттеме қабылдайды.

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi
1. Әкiмшi:
1) алушыдан осы Келiсiмге сәйкес өзiне алған мiндеттемелердi адал және тиiсiнше орындауды талап етуге құқылы.
2. Әкiмшi:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң қаулысы қабылданғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде және осы Келiсiм негiзiнде көтерме жәрдемақысының тағайындалған сомасын Алушының жеке есеп шотына аударуға мiндеттi.
3. Алушының:
1) комиссияның жұмыс органының талабы бойынша қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ерiктi түрде таңдауға;
2) бес жыл мерзiм өткенге дейiн, өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасына байланысты басқа ауылдық елдi мекендерге жұмысқа ауысқан кезде алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар.
4. Алушы:
1) әлеуметтiк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 жұмыс күні iшiнде комиссияның жұмыс органына бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растау құжаттарын беруге;
2) меншiгiне сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқаларын осы Келiсiмдi кемiнде бес жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге;

Қаулының толық мәтіні бүгін республикалық БАҚ-да жарияланды.