Әлеуметтік сала мамандарының өзгелерден үлгі алуға ұмтылуы жақсы қасиет - халықаралық конференция

аусымның 8-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Әлеуметтік сала бойынша жоспарлау жұмыстарын мейлінше ұзаққа созбаған жөн. Біз мүмкіндігінше елімізге кімдер керек, қандай мамандықтарға зәруміз және оларды қалай жұмыспен қамтимыз деген мәселелерді нақты шешіп алуымыз керек. Ал әзірге бұл бағыттағы мәселелер елімізде науқаншылық сипат алып отыр»,

Әлеуметтік сала мамандарының өзгелерден үлгі алуға ұмтылуы жақсы қасиет - халықаралық конференция

деген пікірін білдірді саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов бүгін Астанада «Әлемдік дағдарыс жағдайындағы әлеуметтік қамсыздандыру: заман талабына ұлттық көзқарас» атты тақырыпта өтіп жатқан халықаралық конференцияда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның пайымдауынша, қазір еліміздің алдында ірі инновациялық бағдарламалар тұр. Бірақ әңгіме осы бағдарламаларды ертең жүзеге асыратын мамандар елде бар ма, оларды біз кезінде дайындай алдық па деген мәселеге келіп тірелуде. «Ал мамандар жоқ болған соң біз оларды шетелден алдыртуға мәжбүр боламыз. Сондықтан бізге бүгін мектепте оқып жатқан балалардың ата-аналарының өздерімен ашық әңгіме жүргізу қажет сияқты. Өйткені еліміздің әрбір тұрғыны өзінің өмірін, болашақта кім болатынын жоспарлап алуы керек. Сол арқылы біз тым болмағанда алдағы бес жылда не болатынын болжап, соған дайын болып отырамыз. Олай болмаған күнде біз тағы науқаншылдыққа ұрынамыз», деді саясаттанушы.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде елімізде әлеуметтік сала бойынша жүргізіліп жатқан жалпы жұмыстар тиімділігін көрсетіп отыр. «Нақтырақ айтқанда, әлеуметтік саладағы шенеуніктер жүрексінбестен түрлі тәжірибелерді жүзеге асырып, өзгелерден үлгі алуға ұмтылуда. Меніңше бұл өте жақсы қасиет», деді Н.Ерімбетов.