Әлеуметтік салада қалыптасқан мәселелерді шешуде «Жол картасы» мен индустриялық-инновациялық бағдарламалардың ықпалы зор болады - министр

аусымның 8-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен жылдың сәуір айында республикада 350-мыңнан астам мекемеде 80 мыңға жуық еңбеккер толық емес жұмыс күніне көшкен. Қазіргі таңда «Жол картасы» бағдарламасының қолға алынуына байланысты бұл көрсеткіштер біршама кеміді. Қазіргі таңда 19 мың мекемеде 15 мыңға жуық адам толық емес жұмыс күнінен көшкен.

Әлеуметтік салада қалыптасқан мәселелерді шешуде «Жол картасы» мен индустриялық-инновациялық бағдарламалардың ықпалы зор болады - министр

Бұл туралы бүгін Астанада «Әлемдік дағдарыс жағдайындағы әлеуметтік қамсыздандыру: заман талабына ұлттық көзқарас» атты тақырыпта өтіп жатқан халықаралық конференция барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қазіргі таңда азаматтарды жұмыспен қамтуда ең үлкен үміт артылып отырған шара «Жол картасы» бағдарламасы. «Аталмыш бағдарламалар бойынша біз мамандарды қайта дайындап жатырмыз. Сонымен қатар биылдан бастап, индустриялық-инновациялық саясат бойынша үлкен 147 жоба іске қосылады. Сол жобаларға жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін азаматтарды тарту болып отыр», деді министр.