Әлеуметтік сауалнамаға қатысқандардың 71,3 пайызы соттар жұмысына қанағаттанушылық білдірген - Қ. Мәми

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізді жүргізілген тәуелсіз әлеуметтік сауалнамаға қатысқандардың 71,3 пайызы соттар жұмысына қанағаттанушылық білдірген. Бүгін ҚР Жоғарғы Сотында республика соттарының 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыс қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңесте ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми осылай мәлім етті.
None
None

«Тәуелсіз әлеуметтік сауалнамаға қатысушы респонденттердің 71,3 пайызы соттар жұмысына қанағаттанушылық білдірген. Мен бұны өте жақсы көрсеткіш деп санаймын. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде көшбасшы орындарда тұрған Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерімен салыстырсақ, біздің көрсеткішіміз жақсы. Ескере кететін жайт, ол елдерде көрсеткіш 35-81 пайыз арасында болып отыр», - деп атап өтті Қайрат Мәми.

Төраға келтірген мәліметтерге қарағанда, сауалнамаға қатысқан респонденттердің 80 пайызы судьяларға сенім білдірген, ал 83 пайызы судьялардың сот талқылауларына дайындық деңгейіне қанағаттанушылық танытқан. «Бұл мәліметтер тұтастай алғанда біздің былтырғы жылы жүргізген сот басшыларының тиімділігі туралы ішкі сауалнамамызбен сәйкес келеді. Ол кезде де, биылғы тәуелсіз сауалнама да ең үздік деп Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және жекелеген позициялар бойынша Павлодар облыстары аталып отыр. Мінеки, сондықтан да мен біздің рейтингтен гөрі әлеуметтік зерттеулер нәтижесіне көбірек сенемін», - деді Қайрат Мәми.

Соңғы жаңалықтар