Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы Үкімет Қаулысы қабылданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы Қаулыны қабылдады.

Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы Үкімет Қаулысы қабылданды

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №986

2015 жылғы 10 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен жеті пайызға арттыру жүргізілсін. 2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ