Әлеуметтік зерттеулер сауалнама жүргізумен шектелмеуі керек - саясаттанушы Ерлан Қарин

АЛМАТЫ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бізде көп нәрселер қарапайым түрде түсіндіріледі және бір жақты ғана қабылданады.

Әлеуметтік зерттеулер сауалнама жүргізумен шектелмеуі керек - саясаттанушы Ерлан Қарин

Бұл Алматыда "Жауапкершілік коммуникациясы: болмыс па, әлде ұқсастық па?" деген тақырыппен өтіп жатқан VI Халықаралық PR форумда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде әлеуметтік зерттеулердің рөлі өте қарапайым формада қабылданады. Шын мәнісінде әлеуметтану сауалнама жүргізу ғана емес, оның әдістері алуан түрлі. Мысалы, қабылдау бөлмелеріне тұрғындар қандай шағымдармен келіп жатыр. Немесе БАҚ-та жарияланған материалдардың мазмұнына сараптама жасау деген сияқты», дейді саясаттанушы Ерлан Қарин. Оның пайымдауынша, бізде сараптамашы қауымның қызмет ауқымы тар. Олардың кейбірі спорттан бастап, дін мәселесіне дейін жауап бере береді. Ешқашан да бұл мәселені білмеймін деп айтпайды. 10 жыл бұрын көпшілігі атүсті жалпылама пікір айтса жеткілікті болатын. Қазір ол жеткіліксіз. Тұрғындардың да талабы күшейіп келе жатыр.

«Сарапшылардың кәсіби біліктілігінің түсуі ең алдымен, біріншіден білім беру жүйесінің әлсіздігінің көрінісі. Кей жағдайда белгілі бір тақырыпқа маманданған сарапшылардың өздері де сол тақырыптағы қарапайым нәрселерді ажырата алмай жатады», дейді саясаттанушы.