Әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу мәселесі: Астанадағы жағдай қалай

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Астанада еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтау бойынша 1500-ден астам қызметкерді қамтыған 50 кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу мәселесі: Астанадағы жағдай қалай

«Әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу мақсатында қалада 34 мыңнан астам ұжымдық шарт жасалды. Мемлекеттік еңбек инспекторларымен Астана қаласының Кәсіподақ орталығымен және ҚР Жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясымен бірлесіп, Астана қаласында кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Биыл 1500-ден астам қызметкерді қамтыған 50 кездесу өтті», - деді Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ысмағұлов коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сонымен қатар спикер баяндағандай, биыл Астанада еңбек заңнамасын сақтамаған заңды тұлғаларға 20 млн теңге айыппұл салынған. Бұған қоса, жыл басынан бері 800-ге жуық елордалықтың жалақы бойыншаберешегі өтелген.