Әлеуметтік жауапкершілік: Қарағанды облысында өнеркәсіп өкілдері педагогтерге қолдау көрсетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында «Қазақмыс» корпорациясы педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын қаржыландырды. Компанияның көмегімен педагогикалық трансформация орталығы құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік жауапкершілік: Қарағанды облысында өнеркәсіп өкілдері педагогтерге қолдау көрсетті

«Қазақмыс» корпорациясының даму жөніндегі директоры Бақтияр Қырықпышев педагогтардың тамыз айындағы онлайн-конференциясына қатысты. Ол білім беру саласына әлеуметтік қолдау көрстілетіні туралы айтты.

Өткен оқу жылында компанияның бастамасымен Жезқазған өңірі және Балқаш мектептерінің 1 332 мұғалімі «НЗМ» АҚ Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілігін арттырды. Тағы 4 мыңға жуық педагог семинарларда, вебинарларда және мектепте оқыды. Сонымен қатар Нұр-Сұлтанға білім туры ұйымдастырылды.

«Біз «Ұстаз – Ұлытау» педагогикалық трансформация орталығы» жобасын бастаймыз. Оны жүзеге асыруға халықаралық сарапшылар тартылды. Жобаның мақсаты – «Қазақмыс» қатысатын өңірлердегі мектептерде оқушының мүддесі мен оның кәсіби келешегі үшін оқыту сапасын арттыру болып табылады. Сондай-ақ, Сәтбаевта балаларға қосымша білім беру және ерте кәсіби бағдар беру үшін оқыту және жұмысқа орналастыру орталығын ашуды жоспарлап отырмыз», – деп Бахтияр Қырықпышев жаңа бастамаларын ұсынды.