Әлеуметтік желі деструктивті мақсатта қолданылмауы тиіс - ҚР Президенті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желі деструктивті мақсатта қолданылмауы тиіс. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Әлеуметтік желі деструктивті мақсатта қолданылмауы тиіс - ҚР Президенті

«Менің өзім әлеуметтік желіні белсенді түрде қолданамын. Твитердегі парақшамды өзім жүргіземін. Сондықтан әлеуметтік желілердің бұғатталатыны жайында білген емеспін. Әрине, құқық қорғау органдарына тиісті тапсырма берілетін болады», - деді ҚР Президенті БАҚ өкілдерінің кешке қарай әлеуметтік желінің бұғатталуына қатысты қойған сауалына орай.

Дегенмен Мемлекет басшысы әлеуметтік желі деструктвті мақсатта, халықты арандатушылыққа шақыруға, оның үстіне адамдарды бір-біріне айдап салуға қолданылмауы тиістігін баса айтты.

«Интернет әбебап дүние. Біздің өміріміздің шынайы мәніне айналып отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.