Әлеуметтік желі Нұрлан Ноғаевты қоқыс жәшіктерін тексеруге «мәжбүрледі»
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қала мен қала маңындағы қоқысты уақтылы жинамауға қатысты әлеуметтік желіде талқыланған сыни пікірлер облыс әкімі Нұрлан Ноғайбаевты бей-жай қалдырмады.
Өңір басшысы бірнеше шағынаудандар мен кенттерде болып, «Арнайыавтобаза» ЖШС қалай жұмыс істейтінін жеке аралап шығуды жөн санады. Кәсіпорын қызметін тексеруге облыс әкімімен бірге қала әкімі Серік Шапкенов пен оның орынбасарлары, тікелей қоқысты уақтылы жинауға жауапты бірқатар тұлғалар бірге шықты.
«Бастапқыда әкімдік кәсіпорынға жұмысқа қажетті техника берді. Кәсіпорын жылына 500 млн теңгеден астам пайда табады. Өз бетінше техника сатып алуға не кедергі бар? Тұтас парк емес, үш-төрт қоқыс таситын көлік алуға болады ғой. Жыл сайын ауыстыратын мүмкіндіктеріңіз бар. Әлде бұлай жұмыс істеуге болмайды дегенімізді күтіп отырсыздар ма?», - деді облыс әкімі ЖШС директоры М. Шапкеновке.
Әкім қоқыс жинайтын барлық көлікке GPS-шамын орнатуды, барлық контейнерлерді қаланың онлайн-картасына енгізуді тапсырды. Одан кез келген қалалық бүгін оның көшесінде қоқыс тазартылды ма, жоқ па, соны көре алатын болады.
«Басшылық жүретін көшені ғана тазалап қажеті жоқ. Сәтбаев даңғылы мен әуежайға барар жол үнемі тап-таза. Еркінқала, Жұмыскер, Геолог, Атырау шағын ауданы қоқысқа көміліп жатыр. Әлеуметтік желі, мессенджерлер арқылы тіркелей халықпен жұмыс істеңіздер», - деп тапсырды бағынысты қызметкерлерге облыс әкімі.