Әлеуметтік желі пайдаланушылары Астана боранына таңданысын білдіруде (ФОТО, ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада боран түтеп тұр. Ондаған авиарейстер тоқтатылды немесе кейінге шегерілді. Екі ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Жол қозғалысы шектелді, қалалықтардың көшеде жүруі қиындады. 2800 бірлік техника қар тазалаумен айналысуда.
None
None

Боран Астана қонақтарын да таңғалдыруда. Оның ішінде ресейлік әнші, актриса Вера Брежнева боранды күні сәтті қонған ұшақ ұшқыштарына мақтау айтты.

Кейінге қалдырылған авиарейстің жолаушылары әлеуметтік желіде бүгінгі боранның екпініне таңданыс білдіруде. Бүгін боранға орай қазақстандық жұлдыз мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің баспасөз мәслихаты кейінге қалдырылды. «Мен әлі әуежайдамын. Астанаға барлық рейс тоқтатылды. Ал, уақытым қызықты өтуде. Астана ТК шағын репортаж түсірді. Балалармен фотосессия жасап үлгердім. Маған хабарласқыларыңыз келсе, жазыңыздар, араласайық!», - деп жазды Д. Тен Инстаграмға.

Синоптиктердің хабарлауынша, жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с, ұйтқуы 15-20 м/с-қа дейін. Елордада ауа температурасы түнде және күндіз - минус 5-7°С.

Соңғы жаңалықтар