Әлеуметтік желі шынайы қарым-қатынасты бұзады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде араласуға әуесқойлықтың зияны туралы теория расталды. Бұл жолы тәжірибеге Twitter әлеуметтік желісі мен әртүрлі жастағы 581 ер және әйел адам қатыстырылды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Қатысушылардың күніне желіге енетін санын, твиттер санын, хаттарды қарау, басқалардан келген хаттарды қарау, өзгелерге жіберілген хаттарды оқудың санын білу үшін олардың арасында сауалнама жүргізілді.
Сондай-ақ, қатысушылардан жолдастарымен қаншалықты жиі ұрсысатынын сұраған. Үйдегі ұрыс-керіс пен Желідегі байланыс бір-бірімен байланысты болған, деп жазады Росбалт.
"Жұбайлар арасындағы ұрыс-керіске әлеуметтік желі себеп болып жатады. Өйткені қарым-қатынастағы романтика жоғалып, адамдар бір-бірінен алыстайды. Кей жағдайларда әлеуметтік желі опасыздықтың орын алуына да себеп болып жатады", - деп есептейді медицина қызметкерлері.