Әлеуметтік желі сыбайлас жемқорлықпен күресте тиімді құрал бола алады - Чжоу Лян

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желі сыбайлас жемқорлықпен күресте тиімді құрал бола алады Бұл пікірді бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» атты ІІ халықаралық медиа форумы барысында «Синьхуа» ақпарат агенттігінің Қазақстадағы шеф-тілшісі Чжоу Лян білдірді.

Әлеуметтік желі сыбайлас жемқорлықпен күресте тиімді құрал бола алады - Чжоу Лян

«Бүгінде азаматтар кеңінен қолданатын әлеуметтік желі қоғамдағы жемқорлық көріністерімен күресте тиімді құрал бола алады. Өйткені, желіде жарияланған ақпараттардың құқық қорғау органдар тарабынан тергеу амалдарының басталуына түрткі болып, талай шенеуніктің қылмысы әшкерелгені белгілі» - деп атап өтті ол. Мәселен, оның айтуынша, Қытайда апат орын алған жерге келген шенеуніктің қолындағы қымбат сағат жұртшылықтың назарын аударып, бұл жайт әлеуметтік желіде таралғаннан кейін оның үстінен құқық қорғау органдар тарабынан қылмыстық іс қозғалған. «Әлеуметтік желінің теріс ықпалы болатындығын да естен шығармаған абзал. Кей кезде негізсіз, еш дәлелсіз жария етілген ақпарат қоғамда дүрбелең туғызып келеңіз жайттардың орын алуына түрткі болады», - деді Ч.Лян.