Әлеуметтік желіде көптен күткен iPhone 6-ның суреттері пайда болды - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайваньдық актер және әнші Джимми Лин weibo әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында алдағы Apple iPhone 6 смартфонының суретін жариялаған. Бұл туралы 3dnews-ға сілтемемен Day.Az хабарлайды.

Әлеуметтік желіде көптен күткен iPhone 6-ның суреттері пайда болды - ФОТО

Өткен жылы Джимми Лин әлі шықпаған iPhone 5с смартфонының фотосын жариялаған.

Сол себепті тайваньдық актер ұсынған суреттер бұған дейінгі анонимді дерек көздерінің ақпаратына қарағанда әлдеқайда сенім ұялатады.

Алайда, бір айта кетерлігі, актер таныстырған құрылғы оның прототипі ғана болуы мүмкін. Смартфонның соңғы дизайны қандай болады дегенді кесіп айту қиын. Осы жылы Apple 4,7 және 5,5 дюимді экрандарымен жаңа екі нұсқасы ұсынады деп күтілуде.