17:12, 10 Наурыз 2017 | GMT +5
Әлеуметтік желіде суицидті насихаттайтын топтардың акциялары орын алады деген ақпарат жалған - ІІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде суицидті насихаттайтын топтардың акциялары осы демалыс күндері орын алады деген ақпарат жалған.

Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлеуметтік желіде ішкі істер органдарына сілтеме жасай отырып, суицидті насихаттайтын топтардың акциялары орын алуы мүмкін деген сипаттағы ескерту хабарламасы тарауда. Біз бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Ішкі істер органдары байланыстың ресми арналары ғана азаматтарға ақпарат береді. ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабына сәйкес қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгендігін тағы да бір ескертеміз», - деп жазды Алмас Садубаев.