Әлеуметтік желілер арқылы жиналған жеткіншектер сауда орталығының тас-талқанын шығарды

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте жүздеген жеткіншек Бруклиндегі сауда орталығының тас-талқанын шығарған. Наразылық шарасының себебі қазір белгісіз. Тек белгілісі, жасөсіпірімдер әлеуметтік желілер арқылы жиналған.

Әлеуметтік желілер арқылы жиналған жеткіншектер сауда орталығының тас-талқанын шығарды

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, бұзақылар сауда орталығының аумағына басып кіріп, терезелерді сындырып, адамдарға шабуыл жасаған. Оларды ұрып құлатып, өздерінше тәжірибе жасаған. Қаскөйлер кез келген жаяу жүргіншіге тап беріп, «бір соққымен ұрып құлату» ойынын жүргізген. Бүлікке 400-дей жеткіншек қатысқан. Алайда, оның бірде-бірі қамауға алынған жоқ, деп хабарлады 24.kz.