Әлеуметтік желілерде пайда болған Жаңаөзен қаласындағы атыс және құрбан болғандар туралы хабарлар шындыққа сәйкес келмейді.- Бас прокуратура
АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат. Бүгін, 2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында адамдар тобының қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде жаппай тәртіпсіздіктер орын алды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, қаланың орталық алаңындағы мерекелік шаралар тоқтатылып, Тәуелсіздік күніне орай қойылған киіз үйлер мен көшірмелі сахна қиратуға ұшырады. Екі полиция қызметкеріне дене жарақаттары келтірілді.
Дейтұрғанымен, әлеуметтік желілерде пайда болған атыс және құрбандар туралы хабарлар шындыққа сәйкес келмейді.
Құқық қорғау органдарымен қылмыстық әрекеттердің жолын кесу жөніндегі қажетті барлық шаралар қабылдануда.
Жаппай тәртіпсіздіктер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің басшылығымен жедел-тергеу тобы құрылды.