Әлеуметтік желілерді үнемі қарап отырамын - Бақыт Сұлтанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желілерде жарияланған мәселелерді қалайша жүйелеп отыратынын айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әкімнің айтуынша, бүгінде қарапайым xалықтың арыз-шағымдары бойынша кері байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мәселен, iKomek сияқты қызметтер бар. Дегенмен, әлі де біраз мәселелерді шешу керек.

«Әкім аппаратының жиналыстарында біз iKomek арқылы түскен әрбір арыз-шағымды жүйелеп, тиісті шараларды қолға алып отырамыз. Әрине, әкімдіктің ашықтығын әлі де жетілдіру керек. Бұл - басты мақсатымыз. Себебі бұның барлығы әкімдердің рейтингісінде ескеріледі», - деді Б.Сұлтанов өткен жылдың қорытындысына арналған жиында.

Осы орайда, қала басшысы әлеуметтік желілер арқылы кері байланысты орнату мәселесіне де тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, қоғам ішіндегі қазіргі көзқарасқа қарамастан осы бағыттағы жұмыс жалғаса береді.

«Кейбір адамдар мені әлеуметтік желілерге кірмейді деп ойлайды. Негізі, олай емес. Осында отырған әріптестерім де жақсы біледі. Мен өзім әлеуметтік желілерге шыққан мәселелерді жүйелеп, тиісті қызметтерге жіберіп отырамын. Шыны керек, xалықтан түскен арыз-шағымдардың ішінде ұсақ-түйек мәселелер болмайды. Құдықтың қақпағы ашық, күл-қоқыс жәшігі дұрыс орнатылмады. Соның бәрін біз бір-бірімізге жіберіп отырамыз», - деп атап көрсетті Б.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар