Әлеуметтік желінің әлеуеті артқанда...

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламтордың ғаламдық кеңістікте ақпарат алмасудағы маңызын бүгінгі қоғам айшықтайды. Интернет көпшілік өмірінің маңызды бөлігіне айналды десек, әлеуметтік желіге, әсіресе, Фейсбукке кіріп, жан-жағындағылардың қам-қарекетін бақылап, көкірек түбіндегі қат-қат ойларын ортаға салуға асығатын, сосын ойындағы сан түрлі түйткілдерді төгіп тастайтын жандар да бар.
None
None

Елімізде қабылданып жатқан заңдар, Үкімет мінберінде талқылауға түскен сан мәселелер әлеуметтік желі пайдаланушыларының назарынан тыс қалмайды. Жылт еткен жаңалықты іліп әкетіп, қоғамдық талқылауға салып, артынан қызу-пікірталастар тудырып, салмақты ой, саналы пікір айтып жүрген қоғам белсенділері тарапынан айтылған мәселелердің үкімет назарына іліккендері де аз емес. Кейбір бойжеткендердің түрлі фотосуреттерін жариялап, өзін көрсету үшін әлеуметтік желілерді пайдаланатындардың да барын жоққа шығара алмаймыз. Солардың алғы шебіне ел әншілерін қосуға болады.

Бұрындары әншілердің өмірі қарапайым халыққа қызық еді, тыңдармандары оларды анда-санда теледидардан, болмаса тек журналдардан ғана көретін. Ал қазір әлеуметтік желілерден, әсіресе Инстаграмда олардың не ішіп, не жейтіні, қалай жүріп-тұратыны, кіммен дос, кіммен бауыр екендігін көрсететін фотосуреттері күн сайын жарияланып жатыр.

Қысқасы, әлеуметтік желілер бүгінгі күні кез келген ақпарат агенттігінен еш кем емес жүйеге айналды. Біз өзімізше бұрысы мен дұрысын таразылаған болдық. Әлеуметтік желілердің артық-кемі уақыт талабына қарай, қоғамның сауаттануына қарай әлі талай өзгеретін болады. Мемлекет тарапынан қарастырылып отырған заңдарда әлеуметтік желідегі бейәдеп дүниелерді тыйып, халықтың сауатты дүниелерді тұтынуына себепкер болады. Бір жағынан, дәрігер мамандардың да әлеуметтік желілер адамдар арасындағы тірі әрі шынайы қарым-қатынасты бұзады дейтіні де орынды сияқты. Бұл ақпаратты тұтынып әлеуметтік желіні пайдаланудың шегі де бар екендігін көрсетеді. Ендеше, ақиқатын таразылап, білімнің тұнығын тұтыну өркениетке ұмтылған кез келген азаматтың өз үлесіндегі шаруа.

Соңғы жаңалықтар