Әлеуметтік жобаларға мемлекеттік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетін болады ?«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдастыруымен республикадағы макроаймақтардың экономикалық мамандандырылуы мәселелеріне арналған кеңес өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кеңес барысында «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы аясында еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары әзірлеген макроаймақтарды дамытудың стратегиялық жобалары таныстырылды. Аталған жобалар мемлекеттің қолдауымен жекеменшік сектордың инвестициялары негізінде іске асырылатын болады. «Бір макроаймақ бірнеше өнімді шығаруға мамандандырылатын болады. Бұл жұмыста тауардың экспорттық келешегіне басымдық беріліп, жобаларды жүзеге асыруға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі», - деді «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры Қайрат Әйдекенов. Айта кетейік, бүгінде республика бойынша 7 әлеуметтік корпорация жұмыс істеуде. Олар ? «Сарыарқа», «Тобыл», «Оңтүстік», «Жетісу», «Каспий», «Батыс» және «Ертіс». Аталған корпорациялар ұсынған әлеуметтік жобалар «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, Қазақстанның Даму банкі, Инвестициялық қор мен «ҚазАгро» холдингі арқылы қаржыландырылатын болады.
Соңғы жаңалықтар