Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту жұмыстары одан әрі жалғасуда

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғасуда.

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту жұмыстары одан әрі жалғасуда

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тұтастай алғанда, бұл жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары өзінің тиімді екенін көрсетіп отыр»,-деді министр.

Оның айтуынша, қыркүйектің 11-індегі мәліметке қарағанда, Жол картасы аясында кадрларды қайта даярлау бойынша 66,4 мың адам оқуға жіберілді. Бұл жоспарланған көрсеткіштің (105 мың адам) 63 пайызын құрап отыр.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша, оның ішінде 20,6 мың адам оқуын тәмәмдады, ал 12 мыңы жұмысқа орналасқан.

«Жыл соңына дейін үш ай уақыт қалды. Сондықтан барлық өңірлерде бұл жұмысты белсенді түрде жүргізу қажет»,-деді Г. Әбдіхалықова.