Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы бір жылда қаншалықты өсті

Более 700 тонн сельхозпродукции СКО привезли на ярмарку в Астане
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде 0,1% төмендеді, ал жылдық мәнде 0,4% өсті. Бұл жайында ұлттық статбюродан хабарланды. 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 зат кіреді.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері таңдалады. 

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы: 

  • Тауық еті — 1340 тг/кг
  • Күнбағыс майы — 651 тг/кг
  • Картоп — 139 тг/кг
     
Соңғы жаңалықтар