Әлеуметтік желіде ҚҚС үшін өтемақы төлейді деген жалған ақпарат тарады
Мессенжер мен әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚҚС үшін өтемақы енгізгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Kazinform.
Мессенжерде Еңбекмині ҚҚС үшін өтемақы төлемін енгізгені туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап жатыр.
Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз азаматтар сілтемеге өтуді ұсынады.
«Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтарға алданбас үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз» деп ескертті министрліктен.
Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.
«Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз» дейді ведомстводан.