Әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздырған әйел адам ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде ұлтаралық арандатушылық және балағат сөздер айтқан әйелдің бейнежазбасы тарады

ұлтаралық араздық қоздырған
Фото: Алматы ПД

Алматы қаласының Полиция департаменті бейнежазбағы әйелдің ұсталғанын мәлімдеді.

- Өз сөзінде әдепсіз сөздерді қолданып, ұлтаралық балағат сөздер айтқан алматылық тұрғын ұсталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар тергеу басқа да күдіктілердің әрекетін зерделеуде, оларға тиісті құқықтық баға берілетін болады, - деп хабарлайды.

Сондай-ақ, Полиция департаменті азаматтарды сабыр сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Еске салайық, бүгін Ақмола облысында мас күйінде балағат сөздер айтып, әлеуметтік желіде ұлттық ар-намысты қорлаған тұрғын ұсталған еді.

Соңғы жаңалықтар