Әлеуметтік желілерде Антикор төрағасының атын жамылған аккаунттар анықталды

АНКАРА.KAZINFORM — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік желілерде Агенттік басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар мен парақшалар ашуды доғармай отырған алаяқтар туралы тағы да ескертті. 

фейк
Фото: Kazinform

Агенттіктің мәліметінше, Facebook әлеуметтік желісінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағалидің атынан ашылған жалған парақша анықталған.

— Бұл Төрағаның жеке парақшасы емес екенін ескертеміз. Қазіргі уақытта мұндай жалған парақшаны бұғаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деп мәлімдеді агенттіктен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасының ресми парақшасы келесі сілтемеде: FacebookInstagram.

— Төрағаның атын жамылып, күдік туғызатын мазмұндағы өзге парақшалар мен аккаунттарға сенбеулеріңізді сұраймыз. Мұндай жағдайлар мен хабарламалар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауларыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін жүргізуші куәлігін 10 сәуірге дейін ауыстыру керек деген фейк ақпарат тараған еді. 

Соңғы жаңалықтар