Алғаш рет әйел адам Гонконгтың басшысы болып сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гонконг әкімшілігінің жаңа басшысы болып Керри Лам сайланды, ол ерекше автономиялық аудан тарихындағы бұл орынға сайланған алғашқы әйел.
Лам кандидатурасына Бейжің қолдау жасады. Оның жеңісіне күмән келтіргендер аз. Әкімшілік басшысын жалпы сайлау емес, басым бөлігі Қытай үкіметінің мүдделерін қолдайтын сайлаушыларға тиесілі құрамында 1200 мүшесі бар комитет сайлайды.
Дауыс беру өткен ғимарат маңына Керри Лам кандидатурасын бекітуге қарсы наразылық білдірген демократиялық қозғалыстың жақтастары жиналды.
Сайлаушылар сауалының нәтижесіне зер салсақ, оның басты қарсыласы бұрынғы қаржы министрі Джон Цан болды. Үшінші кандидат отставкадағы судья Ву Квок Хин.
2014 жылы Гонконгте еркін жалпыға бірдей сайлау өткізуді талап еткен демократиялық бағытты ұстанған студенттердің қызу демонстрациясы өткен. Бұл бүлікті орталық билік басқан болатын.
1200 мүшеден тұратын Гонконг сайлау комитеті Керри Ламның кандидатурасына дауыс берді. Ол шілдеде отставкаға кететін әкімшілік басшысы Лян Чжэнъиннің орнын басады.
Керри Лам оның орынбасары болған. Ол түрлі мемлекеттік органдарды басқарған, «күтуші» деген лақап есімі бар.