Алғаш рет Азиядан алтын алдық

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Қытайда жағажай волей­бо­лынан Азия чемпионаты аяқ­талып, Қазақстан құра­ма­сының жігіттері мен қыздары аса жоғары нәтижеге қол жет­кізіп, жалпыкомандалық есеп­те бірінші орынға ие бол­ды.
None
None

Ерлер арасындағы Алексей Сидоренко және Александр Дьяченко жұбы тұңғыш рет бірінші орынға ие болып, Азия чем­пион­дары атанды. Ал әйелдер арасындағы Татьяна Машкова және Ирина Цимбалова жұбы қола жүлдеге ие болды.

Биылғы маусымның соңында, Қа­зақ­стан әуедобының 85 жылдық мерейтойы жы­лы жағажай волейболындағы Денис Ровкин жатттықтыратын қыз-жігіттеріміз осындай ерен жетістікке қол жеткізіп отыр. Жоғарыда жазғанымыздай, алғаш рет Азия чемпионаттарынан алтын медаль ол­жаладық. Ал сары құрлықта басқа ел­де алтын алу оңай емес. Мысалы, жа­ғажай волейболынан былтырғы Азия чем­пионатында біздің қыз-жігіттеріміз тө­ре­шілер әділетсіздігіне тап болып, бесінші орыннан жоғары көтеріле алмаған. Тіпті былтырғы дода аяқталысымен, Қазақстан волейбол федерациясы Азия волейбол федерациясына шағым түсірген де, деп жазады «Алаш айнасы» республикалық басылымы.

Жағажай волейболындағы қыз-жі­гіт­те­ріміз мұндай ерен жетістікке жету үшін ұзақ жүрді, көп тер төкті. Мысалы, Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко жұбы Азия чемпионы атағына бес жылда жетті. 2009 және 2010 жылдары төртінші орынды көңілге медеу тұтуға тура келсе, 2011 жылы қола медаль еншіледі. Ал былтыр бесінші орынмен шектелді.

Қазақстан жұптарының 2013 жылғы Азия чемпионатындағы орындары

Алексей Сидоренко/Александр Дьяченко - алтын медаль,

Татьяна Машкова/Ирина Цимбалова - қола медаль,

Дмитрий Яковлев/Алексей Кулешов - 4-орын,

Бақтыгүл Самаликова/Александра Варасова - 9-орын.

Қазақстан жұптарының Азия чемпионаттарындағы жүлделері

ерлер

2013 (Қытай) - алтын (Алексей Сидоренко/Александр Дьяченко)

2011 (Қытай) - қола (Алексей Сидоренко/Александр Дьяченко)

2009 (Қытай) - күміс (Алексей Кулешов/Дмитрий Яковлев)

2006 (Иран) - күміс (Александр Дьяченко/Алексей Кулинич)

2004 (Вьетнам) - қола (Олег Киселев/Павел Забуслаев)

2002 (Вьетнам) - күміс (Дмитрий Воробьев/Павел Забуслаев)

әйелдер

2013 (Қытай) - қола (Татьяна Машкова/Ирина Цимбалова)

2010 (Қытай) - күміс (Татьяна Машкова/Ирина Цимбалова)

Соңғы жаңалықтар