Алғаш рет Қазақстан спортшысы «Үлкен дулыға» турнирінің бірінде жеңіске жетті

АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова америкалық Вания Кингпен жұптаса ойнау бойынша Уимблдондағы «Үлкен дулыға» сериясындағы турнирда жеңіске жетті, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
None
None

Бұл жеңіс Қазақстан үшін тарихи жүлде болмақ. Қазақстан теннисшісі «Үлкен дулыға» турнирінің бірінде алғаш рет жеңіске жетті.

Шведова мен Кинг финалда ресейлік теннисші қыздар Елена Веснина мен Вера Звонараеваны 7:6, 6:2 есебімен ұтты.

Сонымен қатар, қазақстандық Михаил Кукушкин Германиядағы «Челленджер» сериясы турнирінің финалына өтті. Михаил Кукушкин жартылай финалда швейцариялық Стефане Бохлиді 7:6,6:4 есебімен жеңді. Бүгін финалдық ойында ол Бразилиядан келген теннісші Маркос Даниэлмен бірге сайысқа түседі.

Соңғы жаңалықтар