Алғаш рет үш қазақстандық теннисші Президент кубогының жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алғаш рет үш қазақстандық теннисші Президент кубогының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, еліміздің екінші ракеткасы Дмитрий Попко ширек финалда Президент кубогының үш дүркін чемпионы, ресейлік Евгений Донскойды ұтты - 7:5, 6:4.

Д.Попко финалға шығу үшін жарыстың бірінші ракеткасы, ресейлік Роман Сафиуллинмен таласады.

Денис Евсеев ширек финалда тартысты матчта бразилиялық Габриэль Декампстан басым түсті - 6:4, 2:6, 6:4.

Тағы бір қазақстандық Бейбіт Жукаев өз спорттық жолында тұңғыш рет челленджер додасының жартылай финалына өтті. Ақтау теннис мектебінің түлегі аса тартысты бәсекеде әлемнің бұрынғы 33-ракеткасы, өзбекстандық Денис Истоминнен айласын асырды - 6:7 (5:7), 7:6 (12:10), 7:6 (7:5).

Үш сағатқа созылған матчта Бейбіт 20 эйс жасады.

Ертең Б.Жукаев пен Д.Евсеев өзара кездесіп, финалдық жолдаманы сарапқа салады. Осылайша, кемінде бір қазақстандық спортшы финалда ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Президент кубогының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ астанада алғаш рет ATP 500 турнирі өтеді.


Соңғы жаңалықтар