Алғаш рет ұшақ бортында бүлдіршіннің тұсауы кесілді

Алғаш рет отандық авиатасымалдаушының бортында тұсау кесу рәсімі өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алғаш рет ұшақ бортында бүлдіршіннің тұсауы кесілді

Бүгін авиация тарихында алғаш рет QAZAQ AIR әуе компаниясының бортында бала өміріндегі жаңа кезеңнің басталғанын көрсететін тұсау кесер ұлттық рәсімі өткізілді.

Әуелі бортсерік аталған рейс жолаушыларына бүгін тарихи оқиғаға куә болатынын хабарлады.

Таңғы рейстегі жолаушыларды күтпеген хабарландыру таң қалдырды.


7600 метр биіктікте QAZAQ AIR әуе компаниясының капитаны Әнуарбек Ерназаров кішкентай жолаушы Айланаға жарқын болашақ пен бақытты өмір жолын тілей отырып, тұсауын кесті.

Қысқа рәсім аяқталғаннан кейін шашу шашылып, жолаушыларға бауырсақ таратылды.

Аталған шара авиациялық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес өткізілді және іс-шараға қатысқан командир осы рейстің жолаушысы болатын.