Алғаш рет жүзетін қала салынады
АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - АҚШ-тың кеме салу компаниясы алғаш рет жүзіп жүретін қала тұрғызады.
Тың идеяның авторлары жобаның дизайнын жасады. Енді олар 10 млрд. АҚШ долларын бере алатын демеушілер іздеуде. Жүзгіш шаһардың ұзындығы 2 шақырым, биіктігі 25 қабат болмақ. Бұл қалада 50 мыңға дейін халық тұра алады. Оларға барлық жағдай жасалады. Мұнда мектептер, ауруханалар, дүкендер, ойын-сауық орталықтары мен мәдени орындары тұрғызылады. Қаланың шатырында ұшақтар емін-еркін ұшып-қонатын әуежайы болады, деп хабарлады 24.kz.