Алғашқы алтын: Team KZ «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде чемпион атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Team KZ «Болашақ ойындары – 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турнирінде Phygital Shooter CS 2 дисциплинасы бойынша чемпион атанды.
Ақтық бәсекеде отандастарымыз Liga Pro Team командасын тартысты матчта 2:1 есебімен жеңіп, жарыстың алтын жүлдесін иеленді.
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті финалдың нәтижесін жариялады:
• Dust2 — 13:1 🇰🇿
• Neo Data — 1:13
• Nuke — 13:9 🇰🇿
Шешуші Nuke картасында Team KZ ойыншылары жоғары шеберлік пен мықты командалық үйлесімділік танытып, чемпиондық атақты өз еншісіне жазды.
Team KZ — чемпион!
2 – орында Liga Pro Team
3 – орында Minsk House
Жеңіспен бірге қазақстандық команда 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлдені иеленді. Ал дисциплинаның жалпы жүлде қоры 150 мың АҚШ доллары.
Бұл — қазақстандық киберспорт пен фиджитал спорт үшін маңызды тарихи жетістік.
Team KZ ресейлік командамен чемпиондыққа таласатынын жазған едік.