Алғашқы өзбек компьютерлік ойыны жарияланды
Өзбекстанның Doomers Entertainment студиясы «Алтын Орда» деп аталатын ауқымды компьютерлік ойынды әзірледі. Студияның бұл алғашқы ойынындағы оқиғалар XIII ғасырға жатады және Орталық Азияда орын алады, деп хабарлайды Kazinform UzA-ға сілтеме жасап.
Онда ойыншы моңғол отбасыларында болатын көріністерге қатысады. Ойын картасының көлемі 76 шаршы шақырымды құрайды, бұл аты аңызға айналған The Elder Scrolls V: Skyrim ойынынан дерлік екі есе үлкен.
«XIII ғасыр ортасында Ұлыс билігі төңірегінде жағдай шиеленісе түседі. Қомағай, дүниепараз билеуші Есу-Мункэ билікті қараусыз қалдырады. Оның орнына әйелі мен министрі үкіметті басқарады. Ұлыста моңғолдың екі ұлы тайпасы билікке ұмтылады. Бай-ауқаттылар одақтастарымен бірігіп, қастандықтар ұйымдастырады. Ел арасында дау туындап, екіге бөлінеді».
Ойынның сюжеті осы жерден басталады.
Жақында Doomers Entertainment студиясы заманауи Unreal Engine 5 бағдарламалық жасақтамасына ауысқанын хабарлады. Жобаны VK «The Golden Horde | Экшн РПГ | Орта ғасыр» әлеуметтік желісінен қарауға болады. Ойын әлі Steam онлайн дүкендеріне шығарылмаған.