«Алғашқы астаналықтар» жинағы жарық көрді
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында «Алғашқы астаналықтар» жинағының бірінші басылымы жарық көрді.
Жобаның негізгі мақсаты - Астанаға алғашқылардың бірі болып көшіп келген ел азаматтары еңбегін халыққа жеткізу. Осыған орай редакция ұжымы арнайы анкеталар шығарып, оны кітапқа енген азаматтар толтырған. Осы мәліметтерді арқау етіп, жинақ авторлары - Дәурен Мұса және Сәдібек Түгел «Алғашқы астаналықтар» кітабын жарыққа шығарды. Олардың айтуынша, алдағы уақытта бұл жинақтың бірнеше басылымы жарық көрмек.
«Алғашқы астаналықтар» жинағының бірінші басылымына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Үкімет басшысының орынбасары Өмірзақ Шөкеев және тағы басқа белгілі азаматтар енді.