Алғашқы болып ашық космосқа сақтандырусыз шыққан астронавт дүниеден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамзат тарихында алғашқы болып ашық космосқа  сақтандырусыз шыққан АҚШ астронавты Брюс Маккэндлесс 80 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Тренд НАСА-ға сілтеме жасап.
None
None

АҚШ әскери теңіз күштерінде ұшқыш болған Брюс Маккэндлесс, кейін астронавтар қатарына өтеді. Ол ең ірі «Хаббл» ғарыш телескопын орнатуға қатысқан. 

Брюс Маккэндлесс  1984 жылы ғарышқа жасаған алғашқы сапарында, НАСА арнайы дайындап  шығарған  MMU құрылғысын пайдаланды. Осы арқылы қазір астронавтар ашық космоста еркін қозғалады.

Маккэндлесстің ғарыш кемесімен техникалық байланыссыз ашық космоста еркін қозғалу уақыты  6 сағатқа жуық. Сонымен қатар ол кемеден 90 метрге қашықтыққа дейін ұзаған. 

Соңғы жаңалықтар