Алғашқы «қалқымалы» үй 2014 жылы салынады

Citadel деп аталатын бұл үйдің жобасын Waterstudio дизайн орталығында сәулетші Коэнь Олтуис пен оның командасы жасады. Әлемдік мұхит деңгейі көтерілуі көптеген елдердің үкіметтерін су тасқынынан қорғауға инвестициялар салуға мәжбүрлеуде, бұл орайда жобаның маңызы зор екені даусыз.
Citadel заманауи технологиялармен және элиталық деңгейде тұрғызылатын үй болмақ. Бұл жобаны келесі жылдың басында жүзеге асыра бастау көзделуде, онда 60 тұрғын бөлмелер болмақ. Жеңілдетілген конструкция жерге жеңіл жетуге мүмкіндік береді. Көп қабатты ғимараттардағыдай оның жайлылығына баса назар аударылады. Үлкен, ауыр бетон корпуста сондай-ақ жертөле, автотұрақ көзделген. Орталық ауланың айналасындағы үйдің 180 модульдық элементі болады.
Әдеттен тыс үй жиі су тасқынына ұшырайтын Нидерланды аудандарының бірінде салынбақшы. Citadel тереңдігі 2 метрге жуық суда жүзіп тұрады. Қалқымалы көпір үйді құрлықпен жалғастырмақ. Арнайы материалдар мен технологиялар үйдің ылғал тартуына жол бермейді, жайлылығы жағынан оның кәдімгі үйлерден ешқандай айырмашылығы болмайды.