Алғашқы Қазақ-түрік лицейінің құрылысы туралы фильм Түркия прокатында көш бастап келеді

Туынды 90-шы жылдары Қазақстанға қоныс аударған түрік жанұясы жайлы және олардың сол кезеңдерде бастан кешкен қиындықтары көрсетілген. Дегенмен ең басты ауыртпалық - Отанына деген сағыныш. Тағдырдың тәлкегіне қарамастан, олар қазақ жерінде көптеген жақсы адамдардың көмегін көріп, қолдау табады. Түріктің отбасы иесі қарт әйелмен танысады. Ол 40-шы жылдары Солтүстік Кавказдан басталатын өз жанұясының өмірін баяндайды.
«Фильм бір айдан астам уақыт көрсетілуде, бірақ ол әлі күнге дейін толы зал жинап келеді», - дейді Ыстамбұл университетінің халықаралық құқық факультетінде оқитын қазақ студенті Санжар Тұрсынов.
«Қазіргі уақытта аталмыш кино түрік прокатының көш басында тұр. Көрермендер залдан жылап шығады. Өмірдің тәлкегіне түскен адамдардың шынайы оқиғасы. Барлығы ақшамен бағаланбайды, адамдық қасиет бірінші орында болған, қай уақытта да. Қазақстанда қазақ-түрік лицейін бітіргендер немесе оқып жатқандар саны өте көп, меніңше, оларға лицейдің қалай салынғаны қызықты болады», - дейді ол.