Алғашқы қытайлық ғарыш кемесі «Тяньгун-2» модулімен түйісті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тяньчжоу-1» алғашқы қытайлық ғарыш жүк кемесі автоматтық режімде «Тяньгун-2» ғарыш модулімен түйісті. Тоғысқан сәтті Орталық Қытай телеарнасы тікелей эфирден көрсетті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
«Тяньчжоу-1» кемесінің ғарыш модулімен түйісуі сәтті болды. Бұл туралы Орталық Қытай телеарнасында тікелей эфир барысында Вэньчан ғарышқа ұшыру орталығының өкілі мәлім етті.
«Түйісі процессі сәтті өтті», - деді ол.
Бұрын «Тяньчжоу-1» бас құрылымдаушысы Бай Миншэн мәлімдегендей, кеме түйіскеннен кейін, инженерлер екі кемені басқарудың мүмкіншілігін сынақтан өткізеді. Түйісу барысында «Тяньгун-2» модуліне отын құю жоспарлануда. Құрылымдаушының сөзіне қарағанда, модульге отын құю үшін жеті тәулік уақыт кетеді.
Қытай өзінің орбиталық станциясын құру бағдарламасын жүзеге асыруда. Жоспар бойынша ол 2020 жылы пайдалануға беріледі.