Алғашқы орыннан көрінеміз деген уәдемізде тұрдық - жаттықтырушы В. Лемешко
АЛМАТЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Ақ Азиадада алға қойған мақсатты орындап, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, алғашқы орыннан көрінеміз деген уәдемізде тұрдық. Бұл жайында ҚР фристайл ойындарының бас жаттықтырушысы Виктор Лемешко аранайы өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Жаттықтырушы спортшыларымыздың өте жақсы өнер көрсеткендігін айта келе, алдымызда әлем чемпионаты тұрғандығын, мүмкіндік болса оған да қатысатындығымызды айтып өтті. «Бүін алтын алқа иеленген Дмитрий Рейхард әлем бойынша 15 үздік спортшының қатарына кірсе, Юлия Галышева ондықтың қатарында. Сондықтан бұл спортшылар наурыз айында Финляндияда өтетін әлем чемпионатының ақтық ойындарына дейін шыға алады деп ойлаймын»,-дейді В. Лемешко.
7-Қысқы Азия ойындары аясында фристайлдың могул саласында чемпион атанған Д.Рейхард жапондық, корейлік спортшылар басты қарсылас болғандығын айтады. «Жарыс кезінде көп қобалжымауға тырыстым. Ақтық сында отандастарымның «Алға, Қазақстан» деп айқайлап жатқаны рухтандыра түсті»,- дейді чемпион.
«Спортшылардың дайындығында енді қаражаттан еш тапшылық болмайды. Спортшыларымыз осы «Табаған» спорттық-сауықтыру кешенінде дайындалады, мұнда оларға бар жағдай жасалған»,- деп атап өтті өз сөзінде ҚР фристайл және сноуборд ойындары федерациясының президенті Қайрат Беркімбаев.
7-Қысқы Азия ойындары аясында фристайлдың могул саласында әйелдер арасында алтын алқаны ұтып алған Юля Галышева бұл ойынның ерекше маңызға ие екендігін айтады. «Өз отанымызда өткен ойында жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Келешекте де биік тұғырдан көрініп, отадастарымның көңілін марқайта берем деп ойлаймын»,-дейді Ю.Галышева.