Алғашқы тайм қорытындысы: «Астана»-«Хапоэль» - 1:0

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана Арена» стадионында Еуропа Лигасының екінші біліктілік кезеңінде израильдық «Хапоэльді» қабылдаған «Астана» командасы алғашқы таймда есеп ашты.

Алғашқы тайм қорытындысы: «Астана»-«Хапоэль» - 1:0

«Астаналық» Рохер Каньяс пенальтиден салған гол әзірге 1:0 есебімен командасын алға шығарды.

Дәл осы уақытта Алматыда «Қайрат» пен даниялық «Эсьберг» кездесуде. Сағат 22:00-де Литвада «Атлантас» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдайды.