Алғашқы жартыжылдықта құрылыстағы баға 2,5 пайызға өсті
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Елімізде ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында құрылыс саласындағы баға 2,5 пайызға өсті.
Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, 2012 жылдың маусым айында былтырғы жылдың желтоқсанымен салыстырғанда құрылыс-монтаждау жұмыстарының бағасы 28 пайызға өскен, ал басқа да жұмыстар мен шығындар - 2,3 пайызға, құрылыс жабдықтары мен қондырғылары, машиналар 1,4 пайызға артқан.
Сонымен қатар, құрылыс ұйымдарымен сатып алынатын материалдар, бөлшектер мен конструкциялар бағасы жартыжылдықта 0,1 пайызға өскен. Портландцемент (ағынан басқасы) 2,6 пайызға қымбаттаса, табиғи тас шағылдары - 2,4 пайызға, силикат кірпіш - 2,2 пайызға, дайын бетон қоспасы - 1,8 пайызға, гипсокартон - 1,3 пайызға жоғарылаған. Ал шойын ванналар 1,3 пайызға, құрылыстың әрлеу қоспалары - 1,1 пайыз, ағаш таөталары- 0,9 пайызға, кірпіш - 0,3 пайызға арзандаған.