Алғыс айту болашақта күнтізбедегі мерекелердің қатарынан көрініп қалар — Рустам Қайрыев

Алғыс айту
Фото: Алматы ӨКҚ

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 1 наурыз — Алғыс айту күні көпұлтты ел бірлігінің символына айналды. Мұндай пікірді өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстанның ұйғыр жастары одағының» төрағасы Рустам Қайрыев айтты.

Ол Алғыс айту күнін мейірімділік, бірлік, достық мерекесіне теңеді.  

«Бұл мереке ерекше сипатқа ие. Ол әрбір қазақстандық үшін қымбат. Бұл мейрамды нығайта түсу керек деп санаймын. Көктемнің жарқын мерекесі болашақта мереке күндерінің қатарынан көрініп қалар деген үміт те жоқ емес. Өйткені, оның маңызы зор», - дейді Рустам Қайрыев.

Ресми дерекке сәйкес, мегаполисте 110 ұлт пен ұлыстың өкілі тұрады.

Соңғы жаңалықтар