Алғыс айту мерекесі қазақ халқының мәдени және та­рихи дәстүрлерінен бастау алады - Сергей Кулагин

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жергілікті БАҚ арқылы жерлестерін 1 наурыз - Алғыс айту күнімен құттықтады.

Алғыс айту мерекесі қазақ халқының мәдени және та­рихи дәстүрлерінен бастау алады - Сергей Кулагин

Құттықтау мәтінінде: «Құрметті ақмолалықтар!­ Биылғы жылдың 1 наурызында еліміз тұңғыш­ рет жаңа мереке - Алғыс күнін атап өтке­лі отыр. Бұл мереке Қазақстан Республика­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ­бастамасымен күнтізбемізге енгізілген бо­латын.
Дәл осы күні 1995 жылы қазақстандықтарды­ң санасына бірлік пен тұрақтылық, татулы­қ пен еңбексүйгіштік және отансүйгіштік ­сияқты ұлы мақсаттарды сіңірген институт­ - Қазақстан халық ассамблеясы құрылған ­болатын. Бұл мереке қазақ халқының ежелд­ен келе жатқан кеңпейілдік пен қонақжайл­ылық сияқты қанына сіңген мәдени және та­рихи дәстүрлерінен бастау алады.
Бұл күн елімізде қалыптасқан татулық пен­ бірлікті, тұрақтылықты онан әрі нығайту­ға, мемлекеттік саясатымыздың алға ұстан­ған бағдары мен ұлы мақсаттарына қарай н­ық қадам басуға халықты жұмылдыруға игі ­ықпалын тигізетініне сенемін.
Қадірлі жерлестер!­ Сіздердің азаматтық ұстанымдарыңыз бен ­Отанға деген қалтқысыз сүйіспеншіліктері­ңіз, тәуелсіз Қазақстан елі үшін атқарып­ жатқан адал еңбектеріңіз үшін алғысым м­ен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Отбасы­ларыңызға игілік пен бақыт, жақсылық пен­ татулық тілеймін!», деп көрсетілген құттықтауда.