Алғыс күнін мерекелеу «Мәңгілік Ел» идеясы тұрғысынан қазақстандық құндылықтарды көрсетуі тиіс - И. Берг

Қазақстанның «Өркендеу» неміс қоғамының төрағасы Игорь Берг ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген 1 наурызда атап өтілетін Алғыс күні көпұлтты Қазақстан үшін маңызды қадам болып табылатынына тоқталды.
-Алғыс күні - бізбен көрші тұратын халық жайында ойланып, оларға «рахмет» айтуға мүмкіндік. Қазақ халқына қиын кезеңдерде басқа ұлыстарды қабылдап, оларға көмек, жәрдем көрсеткені үшін рахмет. Қазақстанның дамуына орасан үлес қосқан елдің басқа халықтарына «рахмет».
«Алғыс күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы тұрғынсында, жалпы тарих пен естелік негізінде қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамытуда қазақстандық құндылықтарды көрсетуі тиіс. Алғыс күні - бұл президенттік бейбітшілік пен келісім салатанатының күні, соның арқасында Қазақстан тыныштық пен үйлесімде тіршілік етіп, елде барлық қазақстандықтарға деген өзара сенім мен сыйластық қалыптасқан.
Сондай-ақ И. Берг қазақстандықтарды алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды. «Кезектен тыс сайлау өткізу - мемлекеттің жаһандық ауқымдағы өзгерістерге жедел ден қою мүмкіндігі. Кезектен тыс сайлау халықтың ел өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Кезектен тыс сайлау - тәуелсіз Қазақстанның заманауи қадамы», - деді ҚР неміс қоғамының төрағасы.