Әли Ахмедов 25 жасқа дейінгі әлемдегі үздік боксшылар рейтингіне енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Standingeightcount.com америкалық сайты барлық салмақ дәрежесі бойынша (pound-for-pound) 25 жасқа дейінгі үздік боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Вконтакте желісіндегі «Қазақстанның кәсіби боксы» парақшасына сілтеме жасап.

Әли Ахмедов 25 жасқа дейінгі әлемдегі үздік боксшылар рейтингіне енді

Әлемдегі ең үздік 25 боксшыдан құрылған рейтингтің 24-ші орнына WBC тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы, 23 жастағы қазақстандық Әли Ахметов (13-0, 10КО) орналастырылған.

«Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахметов - бокстың әлі ашылмаған құпияларының бірі. Оның 2019 жылы АҚШ-қа қоныс аударуы өзгеріс әкелуі мүмкін», - делінген материалда.

Рейтингтің алғашқы үштігін жапондық Наоя Иноуэ (17-0, 15КО), америкалық Джервонта Дэвис (20-0, 19КО) және күн шығыс елінің тағы бір өкілі Косеи Танака (12-0, 7КО) құрап отыр.