Али Ахмедов әлемдік рейтингіде 37 сатыға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) Америка өкілі Габриэль Росадоны (26-16-1, 15 КО) жеңгеннен кейін Boxrec.com рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Али Ахмедов әлемдік рейтингіде 37 сатыға көтерілді

Ә.Ахмедов Г.Росадоны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, BoxRec рейтингінің суперорта салмақ санатында 50-інші орыннан 13-ке бірақ көтерілді. Қазақстандық боксшы бұл жеңісінен кейін WBC Silver және IBF North American нұсқалары бойынша вакантты чемпиондық титулдарға ие болды.

Әли Ахмедов 2020 жылдың желтоқсанында эквадорлық Карлос Гонгорадан (21-1, 16 КО) нокаутпен жеңілгеннен кейін үш жекпе-жек өткізді. Ол перулік Давид Сегарруді (35-8, 22 КО) және мексикалық Пауль Валенсуэланы (27-11, 17 КО) мерзімінен бұрын жеңді. Габриэль Росадомен болған үшінші айқасы бүгін, 18 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында (АҚШ) өтті. Олар Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек кешінің андеркартында кездесті. Төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Айта кетейік, Головкин-Альварес трилогиясы мексикалықтың пайдасына аяқталды.