Әли Ахмедов Головкиннің жаңа бапкерімен жаттығатын болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы, GGG Promotions клиенті Әли Ахмедов Геннадий Головкиннің жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен жаттығатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Қазақстан кәсіпқой боксы» vkontakte.ru парақшасында хабарлады.

«WBC әлем чемпионы титулының жастар арасындағы иегері Әли Ахмедов Геннадий Головкиннің жаңа бапкері - америкалық Джонатан Бэнкспен Калифорния штатында жаттығады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Геннадий Головкин өзінің жаңа бапкерін таныстырған болатын. Бэнкске дейін Головкин тоғыз жыл Абель Санчеспен бірлесіп жұмыс істеді. 8 маусым күні Нью-Йоркте өтетін Стив Роллспен жекпе-жек 36 жастағы америкалықтың GGG-дің жаттықтырушысы ретіндегі алғашқа айқасы болмақ.

Ал Әли Ахмедов Головкин-Роллс айқасының андеркартында шаршы алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар