Әли Ахмедов кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегін өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыған дейін 4 жекпе-жек өткізіп, оның барлығын уақытынан бұрын аяқтаған Әли Ахмедов 5-ші айқасын өткізуге дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әли Ахмедов кәсіпқой бокстағы бесінші  жекпе-жегін өткізеді

Ол спорттық мансабындағы бесінші жекпе-жегін 9 желтоқсан күні, Польша жерінде өткізеді. Қарсыласы - латвиялық 20 жастағы Эдуардс Герасимовс. Герасимовс осыған дейін кәсіпқой бокста 17 кездесу өткізіп, 6-да ғана жеңіске жеткен. 10 жекпе-жегінде жеңіліп, 1 кездесуін тең аяқтаған.

Ал біздің жерлесіміз Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін Алматыдағы Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы бокс кешінде өткізген болатын. Онда Ахмедов әзербайжандық Маммедовті бірінші раундта жарыс жолынан шығарған болатын.